Соңынан санағанда төртінші! Галина Вишневская биатлоннан із кесу жарысын аяқтады
Қытайдың Бейжің қаласында әйелдер арасында биатлоннан із кесу жарысы аяқталды. Бұл сында Қазақстанның намысын Галина Вишневская-Шепароенко қорғады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қытайдың Бейжің қаласында әйелдер арасында биатлоннан із кесу жарысы аяқталды. Бұл сында Қазақстанның намысын Галина Вишневская-Шепароенко қорғады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Аталған сайыста норвегиялық Марте Олсбю-Ройселанн топ жарды. Осылайша, ол Олимпиада ойындарында төртінші алтынын иеленді. Бұған дейін Ройселанн 7,5 шақырымда алтын және аралас командалық эстафетада топ жарған еді.
Екінші сатыға швед қызы Эльвира Эберг жайғасты. Швециялық екінші күмісін алып отыр. Осыған дейін ол спринтте де күміске қол жеткізген. Үздік үштікті Тириль Экхофф түйіндеді.
Ал осы сайыста Қазақстан намысын қорғаған Галина Вишневская-Шепароенко 54 биатлоншының арасында 52-ші болып мәре сызығын кесті.
Жарнама