Бейжің Олимпиадасында шаңғы қоссайысынан жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Алтын медальды германиялық Винченц Гайгер жеңіп алды. Екінші орынға норвегиялық Йорген Граабак, үшінші сатыға аустриялық Лукас Грайдерер жайғасқан.
Бұл сында Қазақстан атынан Шыңғыс Ракпаров өнер көрсетіп, 41-ші орыннан көрінді.
Еске сала кетейік, Шыңғыс Ракпаров аталған спорт бойынша Олимпиадаға қатысқан алғашқы қазақстандық спортшы.