Қысқы Олимпиада
8 ақпан 2022 20:01

"Швеция суырылып шықты". Төртінші күнгі Олимпиаданың жалпыкомандалық қорытындысы шықты

©Reuters

Бүгін, 8 ақпан Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан ХХІV қысқы Олимпиада ойындарының төртінші жарыс күні аяқталды. Бүгінгі жарыс күнінің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте көш басында тұрған елдер ауысты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Төртінші жарыс күнін Швеция құрамасы бірінші орынмен аяқтады. Бұл елдің еншісінде 4 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде бар. Екінші орынға Нидерланды елі көтерілді. Олардың қоржынында 3 алтын, 3 күміс сонымен қатар 1 қола медаль. 

Үздік үштікті Қытай құрамасы түйіндеп тұр. Олимпиада ойындарының қожайындары 3 алтын және 2 күміс жүлде еншілеген. 

Йоханнес Клебонің спринттегі жеңісінен кейін Норвегия құрамасында да үш алтын болды. Бірақ бұл елде күміс жоқ. Тоғыз қола жүлде бар. Сол үшін төртінші орынға табан тіреді. 2 алтын, 3 күміс, 4 қола жүлдесі бар Ресейдің Олимпиада құрамасы бесінші орынға түсіп кетті. 

Айта кетейік, бүгін Франция құрамасының еншісіне бірінші алтын түсті. Оны биатлоннан ерлер арасында 20 шақырымға сайысқа түскен Кантен Фийон Майе алып берді. 

Ал Қазақстан құрамасында болса әлі де бірде-бір жүлде жоқ. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport