Қысқы Олимпиада
10 желтоқсан 2021 17:47
 

"Саясатты араластырып керек емес". Франция президенті Олимпиадаға бойкот жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Саясатты араластырып керек емес". Франция президенті Олимпиадаға бойкот жайлы ©Global Look Press

Франция президенті Эммануэль Макрон Франция 2022 жылғы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялауды жоспарламайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

blog.share

Франция президенті Эммануэль Макрон Франция 2022 жылғы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялауды жоспарламайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Макрон Олимпиада ойындарына саясатты араластырудың қажеті жоқ екенін, өзі "пайда әкелетін" әрекеттерді құптайтынын атап өтті.

"Менің ойымша, бұл тақырыпқа саясатты араластырып керек емес. Халықаралық деңгейде не нәрсенің пайдасы болса, соны құптаймын. Түсінікті болу үшін: бойкот жарияладыңыз, спортшыларды жібермейсіз немесе жағдайды пайдалы әрекеттер жасап, өзгертуге тырысасыз", - деп түсіндірді ол.

Франция президенті Халықаралық Олимпиада комитетімен бірігіп, спортшыларды қорғау хартиясы бойынша жұмыс істейтінін, символдық бойкоттарға қатыспайтынын айтты.

Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш Олимпиаданың ашылуына қатысуға шақыруды қабылдағанын мәлімдеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!