Зимняя Олимпиада
8 ақпан 2022 10:35

Өзге ел намысын қорғайтын қазақ қызы көз жасын ұстай алмады

©Видеодан жасалған кадр

Беларуссиялық спортшы Динара Алимбекова 2022 жылғы Олимпиададағы 15 шақырым қашықтыққа жарыстан кейін көз жасын ұстай алмады, деп хабарлайды "Чемпионат".

2018 жылғы Олимпиаданың жеңімпазы Бейжіңдегі эстафетада тек бесінші болды. Нысанаға атуда мүлт кетпегенде ол жеңіске жете алатын еді.

"Өкініш кернеп тұр, көңілім түсіп кетті. Басқа ешқандай эмоция жоқ. Тоңдым, шаршадым. Сол бір нысананы атуда асыққан сияқтымын. Әрбір атуды қобалжымай, сапалы жүргізетінмін, сол бір мүлт кеткенімде асықтым, концентрация жоғалтып алған шығармын", - дейді Алимбекова "Беларусь 1" арнасына берген сұхбатында. 

Еске салайық, бұл жарыстың алтыны германиялық Дениз Херманнда (44:12.7), бір рет қана мүлт кетті. Екінші франциялық Анаис Шевалье-Буше (бір рет мүлт кеткен), ал үшінші норвегиялық Марте Олсбю-Ройселанн (екі рет мүл кетті) болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport