Қысқы Олимпиада
11 ақпан 2022 09:42

Олимпиадаға Қытай атынан шыққан қазақ қызы қазақстандықтарға ана тілінде үн қатты

©Twitter

2022 жылғы Олимпиада ойындарында Қытай атынан өнер көрсеткен этникалық қазақ Ақнәр Ардақ қазақстандықтарға ана тілінде үн қатты,  деп хабарлайды Vesti.kz порталы ZTB/QAZAQSTAN-ға сілтеме жасап. 

"Қолдап жатқандарыңызға ерекше алғыс. Бүгін жақсы сырғанап шықтым. Мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келдім. 11 жастан бастап коньки тебемін. Отбасым қазір теледидардан жарысымды көріп отыр. Қазақстаннан келген достарымның жақсы нәтижеге жетуін тілеймін", - деді ол.

Еске салайық, 2022 жылғы Олимпиадада Қытай атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Ақнаәр Ардақ сұлулығымен түрлі елден келген жанкүйерлерді тәнті еткен еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport