Норвегия құрамасы биатлоннан екінші алтынын жеңді. Галина Вишневская жарысты алтыншы ондықта аяқтады
Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында 7,5 шақырымға қыздар арасындағы спринт жарысы аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасын Галина Вишневская-Шепоренко қорғады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

7,5 шақырымдық спринт сайысында норвегиялық Марте Олсбю Ройзеланн топ жарды. Ол екі ату межесінде де қателікке бой алдырмай, 20:44.3 уақытымен мәре сызығын бірінші болып кесті. Орайы түскенде айтайық, бұл Ройзеланның осы Олимпиада ойындарындағы екінші алтын жүлдесі. Осыған дейін Марте командалық эстафетада Норвегия құрамасымен бірге үздік шыққан.
Екінші орынды швециялық Эльвира Оберг иеленді. 22 жастағы биатлоншы Ройзеланнан +30.9 секунд қалып қойды.
Үшінші орынға атақты италиялық Доротея Вирер тұрақтады. Ол көшбасшыдан +37.2 секунд артта қалды. Дегенмен ол Олимпиадада үшінші қоласын еншіледі. Бұған дейін 2014 жылы Сочиде және 2018 жылы Пхенчанда қола иеленген болатын.
Ал біздің отандасымыз Галина Вишневская-Шепоренко жарыс жолын 52 болып аяқтады. Ол Ройзеланнан +2:38.3 уақыт артта келді.
Осы сында Қазақстан жерінде дүниеге келіп, қазір Беларусь елінің намысын қорғаған Динара Әлімбекова 15-орыннан көрінді.
Жарнама