Қазақстандық үш шорт-трекші Олимпиаданың ширек финалына шықты

Қазақстандық шорт-трекшілер Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша және Әділ Ғалиахметов Олимпиададағы жарыс жолын жалғастыруда, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық шорт-трекшілер Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша және Әділ Ғалиахметов Олимпиададағы жарыс жолын жалғастыруда, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ғалиахметов екінші топта сынға түсіп, екінші болды - 40.722. Осылайша, ол ширек финалға өтті.
Никиша да ширек финалға шықты, ол төртінші топта бірінші болды - 40.482.
Әжіғалиев те алтыншы топта бірінші келді - 40.870.
Бұл жарыс жүлделері 13 ақпанда ойнатылады. Бұл күні ширек финал, жартылай финал мен шешуші жарыстар өтеді.
Жарнама