Қазақстандық шаңғышы Бейжің Олимпиадасынан кейінгі мансабы туралы мәлімдеме жасады
34 жастағы қазақстандық шаңғышы Евгений Величко 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына қорытынды жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
34 жастағы қазақстандық шаңғышы Евгений Величко 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына қорытынды жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Биылғы Олимпиада оның мансабындағы соңғысы екенін айтты.
"Бүгін ауа-райы қолайсыз болды, сондықтан тіпті қашықтықты да азайтып тастады. Суық жел соғып тұрды. Бұл Олимпиададағы ең қолайсыз нәрсе ауа-райы болған сияқты. Олимпиада аяқталды, ертең қыздардың жарысы ғана қалды. Ертең де ауа-райы осындай болады деп хабарлап жатыр. Қашықтықты азайта ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Жарыс жолы қиын, ауа-райы да қолайсыз. Қанша жыл осы спортта жүрміз, дәл осындай ауа-райын бірінші рет көруіміз.
Алда Қазақстан біріншілігі, ары қарай не боларын көреміз. Мүмкін жаттықтырушылықты бастаймын, мүмкін басқа іске кірісемін. Әлі ойланбадым. Бірақ бұл Олимпиада менің мансабымдағы соңғысы", - дейді шаңғышы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 19 ақпанда, 2022 жылғы Олимпиада ойындарында Величко қатысқан соңғы сайыс - масс-спорт болды. Сайыс жолы ауа-райына байланысты 30 километрге дейін қысқарды. Қазақстандық спортшы мәре сызығын 43-ші болып кесті.
Жарнама