15 ақпанда Қазақстан құрамасы Бейжіңдегі Олимпиадада екі ойын түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Шыңғыс Рақпаров шаңғы қоссайысынан өнер көрсетеді. Алдымен қазақстандық үлкен трамплинде сынға түседі. Бұл жарыстар Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де басталады. Содан кейін ол 10 шақырымдық жарысқа қатысады (17:00).
Qazsport телеарнасындағы тікелей трансляция
Шаңғы акробатикасынан фристайлшы Шерзод Хаширбаев бақ сынайды. Бұл сын 15:00-де басталады.