Зимняя Олимпиада
16 ақпан 2022 10:19

Жартылай финал. Қазақстандық атлеттердің Олимпиададағы жарысына тікелей көрсетілім

©Olympic.kz

Бүгін, 16 ақпан Бейжіңде өтіп жатқан 2022 жылғы Олимпиадада қазақстандық спортшылар үш жарыс түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарыс жолына жалпы үш атлет шығады.

Бірінші болып шаңғышы Захар Кучин слаломда бақ сынайды. Жарыс 08:15-те басталады. Екі сын қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталады.

"Ел Арнадағы" тікелей көрсетелім

13:15-те шаңғы жарысы басталады, командалық споринт бойынша жартылай финалда Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина өнер көрсетеді. 15:15-де финал басталып, жүлделер ойнатылады. 

17:30-да әйелдер арасында шорт-тректе 1500 метр қашықытыққа жарыс басталады, Ольга Тихонова ширек финалда өнер көрсетеді. Жүлдеге күресу үшін оған финалға шығу керек.

Qazsport арнасындағы тікелей трансляция

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport