Қазақстандық шорт-трекші Олимпиада жүлдесіне таласқа түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Финалда 10 спортшы сынға түсіп, Әділ Ғалиахметов 1500 метр қашықтықты 2:11,584 уақытымен мәре сызығын сегізінші болып кесті. Алтын медаль оңтүстік кореялық Тэ Хон Хванға бұйырса, канадалық Стивен Дюбоа күміспен күптелді. Ал үздік үштікті ресейлік Семен Елистратов түйіндеді.
Еске салайық, 1/2 финалда Ғалиахметов үшінші топта өнер көрсетті. Нәтижесінде ол 2:18.31 уақытынмен бір жарым шақырымды бағындырған еді. Негізі жалпы есепте жерлесіміз алтыншы орында тұрған. Алайда бейнеқайталау қорытындысы бойынша қытайлық Жи Вей Рен Ғалиахметовты итеріп жібергені белгілі болды. Соның салдарынан төрешілер Ренді жарыстан шығарып, қазақстандық шорт-трекші финалға жолдама алған еді