Қысқы Олимпиада
16 ақпан 2022 18:34

Бейжіңде қазақстандық спортшыны жүлде жеңіп алу мүмкіндігінен айырды

©Olympic.kz

Қазақстандық шорт-трекші Ольга Тихонова Бейжің Олимпиадасында 1500 метрге жарыстың ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тихонова үшінші топта өзге бес спортшымен сынға түскен еді. Ол 2:23.48 көрсеткішімен төртінші болып келген. Мұндай уақытпен Ольга жартылай финалға шыға алатын еді. 

Алайда видеоқайталаудан кейін қазақстандық спортшы қарсыласына тиіп кеткені үшін шеттелді де, жарыс жолын аяқтады. 

Қысқы ойындарда Тихонова 1000 метр қашықтықта 24-ші болды және аралас эстафетада бесінші келген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport