Бейжің Олимпиадасы: 12 ақпанда кімдер жарыс жолына шығады?
©olympic.kz
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының сегізінші күнінде Қазақстан үш спорт түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының сегізінші күнінде Қазақстан үш спорт түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық шаңғышылар 4х5 км эстафетасына қатысады. Өкінішке қарай, бұл жарысқа тек әйелдер құрамасы жолдама алды. Ерлер қатыспайды.
Конькиші Иван Аржанников 500 метрге жарысқа қатысады.
Биатлоншылар Александр Мухин мен Владислав Киреев спринтте өнер көрсетіп, із кесу жарысына жолдама алуға тырысады.
12 ақпандағы жарыс кестесі:
Шаңғы жарысы
13:30 Эстафета. 4х5 км. Әйелдер.
Конькимен жүгіру спорты
14:00 500 м. Ерлер
Биатлон
15:00 Спринт 10 км. Ерлер
Жарнама