Қысқы Олимпиада
16 ақпан 2022 23:30
 

Бейжің-2022. Украиналық шаңғышы допингпен ұсталды

  Пікірлер

blog.share

Бейжің-2022. Украиналық шаңғышы допингпен ұсталды ©Getty Images

Шаңғымен жүгіруден украиналық Валентина Каминская Бейжің-2022 Қысқы ойындарынан уақытша шеттетілді, деп жазады "Р-Спорт" басылымы.

blog.share

Шаңғымен жүгіруден украиналық Валентина Каминская Бейжің-2022 Қысқы ойындарынан уақытша шеттетілді, деп жазады "Р-Спорт" басылымы.

Халықаралық тест агенттігінің (ITA) ақпараты бойынша, 34 жастағы шаңғышының ағзасынан местеролон мен гептаминол табылған. Спортшы 10 ақпан күні Олимпиада астанасында тест тапсырған еді.

Осыған орай, Каминская төрт жылдықтың қалған жарыстарына қатыспайтын болды.  

Бейжіңде ол сипринтте 70-орын иеленсе, жекелей жарыста 79 және эстафетада 18-орыннан көрінді. Бір қызығы Украинаның намысын қорғап жүрген спортшы 2018 жылға дейін Беларусь атынан шығып жүрген. Жалпы алғанда Каминская қысқы ойындарға үшінші рет қатысты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!