Хоккейден Ресей құрамасы Олимпиададағы жарысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Топтық кезеңде Алексей Жамновтың командасы Швейцария хоккейшілерін 1:0 есебімен ұтты. Бірінші кезеңнің аяқталуына 3 секунд қалғанда Антон Слепышев ерекшеленді.
Үзілістен кейін қос ұжымның спортшылары жаппай төбелес шығарды. Нәтижесінде төреші екі құраманың әр екі ойыншысын мұз айдынынан уақытша шығаруына тура келді. Енді ресейліктер 11 ақпанда Дания және 12 ақпанда Чехия ойыншыларымен кездеседі.