Бейжің-2022. Нэтан Чен қысқа бағдарламада әлем рекордын тіркеді
©РИА Новости
Бейжің Олипиадасында мәнерлеп сырғанаудан әлем рекорды тіркелді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бейжің Олипиадасында мәнерлеп сырғанаудан әлем рекорды тіркелді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
АҚШ елінің өкілі Нэтан Чен қысқа бағдарламада төрешілерден 113,97 ұпайын еншіледі. Осыған дейін аталмыш рекорд жапониялық Юдзуру Ханюға тиесілі болатын. Күншығыс елінің өкілі 2020 жылы төрт құрлық турнирінде 111,82 баллын жинаған еді.
Әлемнің үш дүркін чемпионы атағы бар Чен 2018 жылы Оңтүстік Кореядағы Олимпиадада командалық жарыста қола және Бейжің ойындарында командалық жарыста күміс медаль иеленген.
Жарнама