Бейжің-2022. Қазақстандық шаңғышылар медальсіз қалды

Бейжіңдегі Қысқы ойындарда жарыстың соңғы күні шаңғымен 30 шақырымға жарысудан масс-старт сайысында Қазақстан құрамасының атынан үш спортшы сынға түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бейжіңдегі Қысқы ойындарда жарыстың соңғы күні шаңғымен 30 шақырымға жарысудан масс-старт сайысында Қазақстан құрамасының атынан үш спортшы сынға түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Отандастарымыздың арасында Ангелина Шурыга ең жақсы нәтиже тіркеді. Шығыс Қазақстан облысының тумасы 65 спортшының арасында 42-ші болып келді. Надежда Степашкина мәре сызығын 49-шы болып кессе, Ирина Быкова 54-орын иеленді.
Норвегиялық Тереза Йохауг Қытай астанасындағы үшінші алтынын алды. Ол 30 шақырымды 1:24:54:0 уақытымен жүріп өтті. 2018 жылы Пхенчханда командалық спринтте чемпион атанған америкалық Джессика Диггинс күміспен күптелсе, Кертту Никанен қоланы қанағат тұтты.
Жарнама