Қысқы Олимпиада
21 ақпан 2022 20:04

Бейжің-2022. Фин спортшысы жыныс мүшесін үсітіп алды

©Getty Images

Финляндиялық шаңғышы Реми Линдхольм Бейжің Олимпиадасында ерлер арасында өткен масс-старт жарысында жыныс мүшесін (гениталиясын) үсітіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Белгілі болғандай шаңғышының үстіне киген арнайы костюмінен суық өтіп кеткен. "Мәреге дейін жеткенше бүкіл денем жаурап қалды. Өмірімде сынға түскен ең суық жарысым болды деп айта аламын", - дейді Линдхольм.

Мәреге жете берген шақта "суомиден" келген шаңғышы арнайы жылытқыш құралын пайдаланған. Нәтижесінде ол жалпы есепте 28-орынды иеленді.

Еске салайық, алғашында Линдхольм қатысқан масс-старт бәсекесі 50 шақырым болуы тиіс еді. Алайда ауа-райының қолайсыздығына орай 30 шақырымға дейін қысқарды. Бұл сында ресейлік Александр Большунов алтын, тағы бір ресейлік спортшы Иван Якимушкин күміс және норвегиялық Симен Хегстад Крюгер қола жүлдегер атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport