"Барыстың" экс-ойыншысы Олимпиадада гол соқты

Канадалық Корбэн Найт Олимпиадада АҚШ қақпасына шайба соқты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Алайда шабуылшының голы командасының жеңіске жетуіне көмектесе алмады.
Канадалық Корбэн Найт Олимпиадада АҚШ қақпасына шайба соқты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Алайда шабуылшының голы командасының жеңіске жетуіне көмектесе алмады.
"Барыстың" экс-ойыншысы екінші кезеңде ерекшеленді. Оның салған шайбасы таблодағы есеп айырмасын қысқарта (2:3) алды.
Кездесудің нүктесін ҚХЛ-да өнер көрсететін "Торпедо" хоккейшісі Кен Агостино (2:4) тіркеді. Осылайша, америкалықтар Бейжіңдегі ойындарда екінші жеңісіне қол жеткізіп, А тобының көшін бастады.
Үйеңкі жапырақ елінің өкілдері болса алғашқы матчында Германиядан келген қарсыластарын 5:1 есебімен ұтып, Найт командаластарына гол соғатын мүмкіндік жасаған еді. Өз кезегінде АҚШ құрамасы жарыс қожайындарын 8:0 есебімен ойсырата ұтты.
Жарнама