Зимняя Олимпиада
17 ақпан 2022 16:54

Айдова Бейжің Олимпиадасынан кейін карьерасын аяқтауға қатысты мәлімдеме жасады

©Reuters

Қазақстандық конькиші Екатерина Айдова 2022 жылғы Олимпиададан кейін карьерасын аяқтамайды. Бұл туралы ол Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді. 

Бүгін, 17 ақпанда ол 1000 метр қашықтықта сынға түсті. Бұл оның Бейжіңдегі соңғы жарысы болды.

"Бізге қолдау білдіріп, сенім артқан жанкүйерлерге алғыс айтамын. Бұл мен үшін қымбат тәжірибе - төрт Олимпиада. Бәрінде дерлік нәтижем бірдей. Бұл жаттығуымды түбегейлі ауыстыру керектігімді анық білдіреді. Сондықтан көктемнен бастап соған кірісемін. 

Көпшілік мені спорттан кетеді деп есептейді. Бірақ мен мұндай сөз айтқан жоқпын. Кім шығарғанын білмеймін. Коньки спортына қарасаңыздар онда жастармен қатар тәжірибелі спортшылар өте көп", - дейді конькиші.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport