Қысқы Олимпиада
9 ақпан 2022 01:24

"Алау" мұз айдынына ұқсайды". Олимпиадада 18-орын алған конькиші әсерімен бөлісті

©olympic

Қазақстандық конькиші Дмитрий Морозов Бейжің Олимпиадасында 1500 метрге жүгіруден 18-ші орын иеленді. Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы өз нәтижесіне қатысты пікір білдірді. 

"Жалпы алғанда, өз нәтижем көңілден шығады. Бірақ тактикалық және физикалық тұрғыда әлі жетілдіретін тұстар көп. Алда масс-старт бар. Екі қашықтыққа да дайындалдым. 

Масс-стартты лотерея деп атасам да, артық емес. Барлығы да болуы мүмкін. Өйткені, әрдайым жақсы нәтижеден үміттенетіміз рас қой... Мұндағы мұз біздің "Алаудағы" мұз айдынына ұқсайды. 

Жұбайым Надежданың жарысқа түскен сәтін теледидар арқылы қарап жүрмін. Екеуміз бірге жаттығамыз", - деді Морозов. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport