Зимняя Олимпиада
15 ақпан 2022 08:06

15 жастағы спортшы Олимпиададағы дауға қатысты алғаш рет пікір білдірді

©BBC

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева Олимпиададағы допинг дауынан кейін алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды "Чемпионат".

"Ол күндер мен үшін өте ауыр тиді. Тіпті эмоция да таусылды. Қуаныштымын, дегенмен, эмоционалды тұрғыда шаршадым. Сондықтан көз жасым... Бақыт пен аздаған мұң. Олимпиада ойындарына қатысып, еліміздің намысын қорғап жатқаныма бақыттымын. Бар күшімді салып, өз нәтижемді көрсетемін деген ойдамын", - дейді спортшы. 

Олимпиададағы допинг дауы: Ресейден алтынды алып, спортшысын жарыстардан шеттетеді

Еске салайық, Бейжің Олимпиадасында Камила Валиеваның сынамасынан триметазидин табылған болатын. Осыдан кейін құрамында Валиева бар Ресей құрамасы командалық есепте ұтқан Олимпиада алтынынан айырыла жаздады. Дегенмен заңгерлер командасы бұл шешімді өзгертуге қол жеткізді. Енді Валиева жекелей сында өнер көрсетеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport