Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова карьерасындағы келесі қадамы туралы айтып берді, деп жазады Vesti.kz.
"Босанған соң үш айдан кейін мен жаттығуға кірісіп кеттім және маусымда сәтті өнер көрсеттім де, Араб лигасының чемпионы болдым.
Ең бастысы менде қазір үлкен мотивация бар, менің ең сенімді жанкүйерім - менің ұлым. Қазір жаңа маусымға дайындалып жатырмын және ол сәтті боларына еш күмән жоқ. Иншааллах", - деп жазыпты Алтынбекова Instagram желісіндегі стористе.