Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде ойыншы кезіндегі суретін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Спортшы суретке "Жуырда" деген жазба қалдырды. Демек, Алтынбекова кәсіпқой карьреасын қайта бастауы мүмкін.
Еске салайық, Алтынбекова 2021 жылы кезінде ойнаған (2019-2020) "Әл-Васл" (БАӘ) клубына қайта баруы тиіс еді. Сонымен қоса, отандасымыз Италияның "Казерта" командасында өнер көрсету керек болған. Алайда италиялық ұжым қаржы дағдарысына ұшырап, Сабина Алтынбекова бірде-бір матч өткізе алмады. Пандемия басталған соң ол клубсыз қалды.