Волейбол
15 сәуір 15:34

Қазақстандықтар Таиландтағы AVC Beach Tour турнирін жеңістен бастады

©Федерацияның баспасөз қызметі

Сонгкхлада (Таиланд) AVC Beach Tour аясындағы жағажай волейболынан 24-ші Samila Open Азия турының кезеңі басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық екі жұп жеңіске жетті.

Дмитрий Яковлев пен Абдулмаджид Мохаммад тартысты әрі шиеленісті кездесуде Қытай спортшыларын 2:1 есебімен ұтты.

Сергей Богату мен Кирилл Гурин жұбы турнирді сенімді бастады. Олар ирандық қарсыластарын 2:0 есебімен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport