Универсиада
30 қаңтар 2017 18:16
 

Универсиада күнделігі: Қазақстан командалық есепте бесінші орында

  Пікірлер

blog.share

Универсиада күнделігі: Қазақстан командалық есепте бесінші орында ©Courtesy Photo

Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарының бірінші ресми жарыс күні аяқталды. Бүгін Қазақстан құрамасының қоржынына үш жүлде түсіп, командалық есепте бесінші орынға жайғастық, деп жазады Vesti.kz.

Бүгін біздің құрама сапынан шаңғы спортынан 5 шақырымға классикалық стильмен жүгіруден сынға түскен Анна Шевченко қола жүлде алды. 

Одан кейінгі жүлдені фристайлда бақтарын сынаған бұрымдыларымыз салды. Фристайлдың акробатика түрінен сайысқан Жібек Арапбаева күміс олжаласа, Жанбота Алдабергеноваға қола жүлде бұйырды. 

Осылайша бүгін біздің қоржынымызға үш жүлде түсіп, жалпы командалық есепте бесінші орынға жайғастық. Командалық сында 4 алтын, 4 күміс және 1 қола жүлдесі бар Ресей құрамасы көш бастады. Екінші орында Қытай (2 алтын, 1 қола). Үздік үштікті Польша құрамасы (1 алтын, 1 қола) түйін тұр. 

Айта кетейік, 28-ші қысқы Универсиада ойындарына жалпы 57 елден 2000-нан аса спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан 171 спортшы 12 спорттың түрінен бақтарын сынайды. Универсиада ойындары барысында 85 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

blog.share
Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарының бірінші ресми жарыс күні аяқталды.
Бүгін Қазақстан құрамасының қоржынына үш жүлде түсіп, командалық есепте бесінші орынға жайғастық, деп жазады
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


Бүгін біздің құрама сапынан шаңғы спортынан 5 шақырымға классикалық стильмен жүгіруден сынға түскен 
vesti.
kz/universiada/271/">Анна Шевченко
қола жүлде алды.
 

Одан кейінгі жүлдені фристайлда бақтарын сынаған бұрымдыларымыз салды.
vesti.
kz/universiada/279/">Фристайлдың акробатика
түрінен сайысқан Жібек Арапбаева күміс олжаласа, Жанбота Алдабергеноваға қола жүлде бұйырды.
 

Осылайша бүгін біздің қоржынымызға үш жүлде түсіп, жалпы командалық есепте бесінші орынға жайғастық.
Командалық сында 4 алтын, 4 күміс және 1 қола жүлдесі бар Ресей құрамасы көш бастады.
Екінші орында Қытай (2 алтын, 1 қола).
Үздік үштікті Польша құрамасы (1 алтын, 1 қола) түйін тұр.
 

Айта кетейік, 28-ші қысқы Универсиада ойындарына жалпы 57 елден 2000-нан аса спортшы қатысып жатыр.
Қазақстан атынан 171 спортшы 12 спорттың түрінен бақтарын сынайды.
Универсиада ойындары барысында 85 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
 

Жарнама

Живи спортом!