Студенттерден құралған Қазақстан хоккей құрамасы Лейк-Плэсиде (АҚШ) өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Ұлыбританияны 15:1 есебімен ұтты.
Ғалым Мәмбеталиев жаттықтыратын қазақстандық хоккейшілер бірінші кезеңнің өзінде-ақ 6 шайба соғып үлгерді. Екінші кезеңде қарсылас қақпасына 7 шайба енгізді. Үшінші кезеңді тағы 2 шайба соғып аяқтады. Осылайша, отандастарымыз Универсиада ойындарындағы ірі жеңісіне қол жеткізді.
Қазақстан құрамасы осыған дейін Оңтүстік Кореяны 5:1, Венгрияны 9:1 есебімен ұтқан еді. Келесі ойынын 17 қаңтар күні Словакияға, 18 қаңтарда АҚШ құрамасына қарсы өткізеді.