Универсиада
7 ақпан 2017 12:49
 
Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Универсиаданың екінші алтын медалін жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Универсиаданың екінші алтын медалін жеңіп алды Галина Вишневская. © almaty2017.com

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская қысқы Универсиада-2017 ойындарында 12,5 шақырым қашықтыққа масс-старт жарысынан екінші алтын медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.

Вишневская төрт нысана көздеу айлағында тек бір рет қателесіп, қашықтықты 36:15.4 минутта жүріп өтті. Күміс медаль украин спортшысы Яна Бондарьға (+1:02.3) бұйырса, қола медальді ресейлік Лариса Куклина (+1:13.1) жеңіп алды.

Тағы бір қазақстандық Елизавета Бельченко (+1:27.0) төрт нысана көздеу айлағында үш рет мүлт кетіп, төртінші орын алып қалды. Одан кейін тағы бір отандасыммыз Дарья Усанова (+2:10.9) келді. Ол алты рет мүлт кетті.

Осылайша, Вишневская Универсиаданың екінші алтын медалін алып отыр. Бұған дейін ол 7,5 шақырым қашықтықта жеңімпаз атанған еді.

Жарнама

Живи спортом!