Қазақстан Универсиаданың алғашқы алтынын жеңіп алды
©kazsports.kz
Қазақстандық могулшы Анастасия Городко Туринде басталған қысқы Универсиада ойындарында топ жарды, деп хабарлайды massaget.kz.
Қазақстандық могулшы Анастасия Городко Туринде басталған қысқы Универсиада ойындарында топ жарды, деп хабарлайды massaget.kz.
Анастасия Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Күмісті жапон спортшысы Харуко Накао, қоланы неміс қызы Ханна Уиз иеленді.
?- Анастасия Городко - 79.79.
?- Харуко Накао - 76.29.
?- Ханна Уиз - 75.04.
Жарыстың ашылу салтанатында Туды ұстап шыққан Аяулым Әміренова 5-орыннан көрінді.
Айта кетейік, Анастасия Городко өткен аптада Алматыда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында да алтын және күміс медаль еншілеген болатын.
Жарнама