Универсиада
6 ақпан 2017 15:01
 
Қазақстан Универсиаданың 25-ші жүлдесіне қол жеткізді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан Универсиаданың 25-ші жүлдесіне қол жеткізді © almaty2017.com

Алматыда өтіп жатқан Универсиадада 7,5 шақырым қашықтыққа командалық эстафета бойынша шаңғышылар жарысы аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

Бұл жарыста Ресей құрамасы бір сағат және 12:49.3 минут көрсеткішімен жеңіске жетті. Күміс жүлде ресейліктерден 1,8 секундқа ғана артта қалған Қазақстан құрамасына бұйырды. Еліміздің намысын қорғағандар - Сергей Малышев, Виталий Пухкало, Ринат Мухин және Олжас Климин. Үшінші орында Чехия құрамасы (+2:02.5).

Бұл Универсиада-2017 жарысындағы Қазақстан құрамасының 25-ші жүлдесі. Осылайша Қазақстан қоржынында он алтын, бес күміс және он қола жүлде түсті.

Мұның алдында әйелдер эстафетасы өткен. Онда да Анна Шевченко, Ольга Мандрика мен Ирина Быкова құраған команда Ресей құрамасына ғана жол беріп, күміс медаль иеленген болатын.

Жарнама

Живи спортом!