Хоккейден Қазақстан құрамасы Туринде (Италия) өтіп жатқан 2025 жылғы Универсиадада екінші команданы ойысарата ұтты.
Олег Болякин жаттықтыратын команда екінші ойында Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті.
Бұл матч 7:1 есебімен аяқталды.Бірінші таймда қазақстандықтар сапынан Александр Панченко (10-минут), Николай Шульга (11) және Руслан Демин (19) жауапсыз гол салды.
Екінші кезеңде Қазақстан командасы тағы екі гол салды: Андрей Буяльский (36) және Кирилл Никитин (39).
Үшінші кезеңде кореялықтар сапынан Дон Хьюн Шина 52-минутта Қазақстан қақпасына бір шайбаны солды. Ал қазақстандықтар есесіне Семен Семенов (52) пен Денис Чапоровтың (57) дәл соққысымен жауап берді.
Еске салайық, бірінші ойында Қазақстан Швецияны 9:2 есебімен ұтқан еді.