Универсиада
23 қаңтар 08:41
 

Қазақстан Туриндегі Универсиадада он екінші жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан Туриндегі Универсиадада он екінші жүлде жеңіп алды ©Туризм және спорт министрлігі

Туринде өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында биатлоншы Кирилл Бауэр қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды massaget.kz сайты. 

blog.share

Туринде өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында биатлоншы Кирилл Бауэр қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды massaget.kz сайты. 

Ерлер арасында өткен 15 шақырымдық масс-старт жарысында ол 26 спортшының арасынан үздік үштікке енді. Отандасымыз 4 ату кезінде барлығы 4 қате жіберіп, жеңімпаз франциялық Натанэль Пигвиннан 33.8 секундқа қалып қойды. Бұл оның халықаралық деңгейдегі алғашқы жүлдесі.

Кириллмен қатар жарыс жолына шыққан Вадим Куралес алтыншы, Никита Акимов жетінші болып мәре сызығын кесті. Ержанат Қуандық 19-орыннан көрінді. 

Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!