Универсиада
3 ақпан 2017 18:09
 
Ертең жанкүйерлерге керемет шоу көрсетуге уәде беремін - Денис Тен

  Пікірлер

blog.share

Ертең жанкүйерлерге керемет шоу көрсетуге уәде беремін - Денис Тен © japantimes.co.jp

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Универсиада ойындарындағы қысқа бағдарламасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, "Ромео және Джульетта" әуенінің аясында өнер көрсеткен отандасымыз қысқа бағдарламадан кейін 94,91 ұпай жинап, көш бастап тұр.

- Бірінші кезекте керемет қолдау білдірген жанкүйерлеріме алғысымды айтамын. Мен үшін өз отандастарымның алдында, өз отанымда өнер көрсету үлкен құрмет. Универсиада ойындарына ұзақ дайындалдым. Универсиадаға бұған дейін еш жерде көрсетпеген "Ромео және Джульетта" әуенінің аясында жаңа бағдарлама қойдым. Бұл қойылымның өзіндік заманауи ерекшеліктері бар. Сондықтан да "Алматы Аренада" мен әрбір жанкүйерге бұл қойылымның мағынасын ашып бергім келді. Мен бұл сайысқа тек техникалық және әртістік жағынан дайындалған жоқпын. Арнайы  киім де дайдадым. Бірінші күннің нәтижесіне көңілім толады", - дейді Тен Хабар арнасына берген сұхбатында. 

- Ал сіз өз Джульеттаңызды таптыңыз ба?

- Барлық Джульетталар ертең мені тағы да жақсы қолдау үшін бұл әзірше құпия болып қала берсін. 

- Ертең жанкүйерді қалай таң қалдырасыз? Жалпы еркін бағдарламада не дайындап отырсыз?

-  Мен ертеңге жақсы бір бағдарлама дайындап отырмын. Жанкүйерлерге керемет шоу көрсетуге уәде беремі!

Жарнама

Живи спортом!