Универсиада
31 қаңтар 2017 15:46
 
Алматыда Универсиада билеттерін саудалап жүрген алыпсатарлар ұсталды

  Пікірлер

blog.share

Алматыда Универсиада билеттерін саудалап жүрген алыпсатарлар ұсталды ©Vesti.kz

Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарына билеттерді алып, кейін қымбатқа сатып жүрген бес алыпсатарлар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұсталғандардың барлығы полиция бөлімшелеріне жеткізілген.

Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәліметінше, полицейлер алыпсатарларды спорттық нысандардың алдында ұстаған, яғни "Халық Арена", Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплин кешені.

"Төртеуін ұстап, Бостандық ауданына қарасты ІІБ полиция бөлімшесіне жеткізді. Олардың қолында шамамен 80-ге жуық билет болған. Тағы бір ер адам "Халық Арена" алдынан 42 билетпен ұсталды. Ол Медеу аудандық полиция бөлімшесміне жеткізілді. Осыдан ары қарай іс материалдары Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберіледі, олар осы мәселе бойынша нақты бір процессуалдық шешім шығаратын болады. Алдын ала, оларға қатысты іс "заңсыз кәсіпкерлік" бабымен жүргізіледі", - деді Салтанат Әзірбек.

Полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарынан қолдан билет алмауды сұрайды. "Тұрғындар мен қонақтарды тек ресми жарыс дереккөздерінен, кассалардан, онлайн кассалардан билет алуға шақырамыз. Қолдан алынған билеттер жалған болуы мүмкін", - деді Алматы ІІД-нің өкілі.

Жарнама

Живи спортом!