Универсиада
29 қаңтар 2017 19:18
 
Алауды ұстау - әрқайсымыз үшін үлкен мәртебе, бақыт деп білемін - Рахман Алшанов

  Пікірлер

blog.share

Бүгін Алматы қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары аясында "Алау эстафасы" өтті. Аталмыш шарада Қазақстан Жоғарғы оқу орындары қауымдастығының төрағасы, "Тұран" университетінің ректоры Алшанов Рахман мырзаға Алау тасу бақыты бұйырыпты. Еліміздегі танымал қоғам қайреткерімен Vesti.kz тілшісіне  сұхбаттасудың сәті түсті.

- Бүгін ерекше күн. Мұндай жарыс елімізде алғаш рет болып жатыр, - деп бастады сөзін Рахман аға. - Алау ұстау - әрқайсымыз үшін үлкен мәртебе, бақыт деп білемін. Еліміздің абыройының арқасында осындай жоғары дәрежедегі жарыс біздің жерімізде өтпек. Универсиада – халыққа, студенттерге, жоғарғы оқу орындары мен біздің ұжымға тек жақсы жағынан ықпал етеді. Қысқы спорт түрлерінің дамуына серпін береді.

- Жалпы, Универсиада ойындарында біздің спортшылардан қандай нәтиже күтесіз?

- Құрамамыз өз дәрежесінде өнер көрсетіп, биік нәтижелерге жетеді деп ойлаймын. Бірінші немесе екінші орындарға таласамыз деген үміт бар. Бұл үлкен нәтиже.  Жаңадан салынған спорттық нысандарымыз әлемдік деңгейге сай. Одан бөлек, елімізге шетелден көп адамдар келеді, қаламызды көреді, мәдениетімізбен таныс болады. Студенттер арасындағы жарыстар ерекше ғой өзі. Универсиада жастарды салауатты өмір салтымен ұстануға шақырады.

- "Тұран" университетінің 3-ші курс студенті Кахарова Зарина кёрлинг спортынан Универсиада додасында бақ сынайды...

- Біздің оқу орынның атынан қатысатын студент қызымызға тек қана сәттілік тілейміз. Кёрлинг - өзі жаңадан дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Ұлттық құрама сапына шақырылғанда біз оған құттықтау хатын жіберген болатынбыз. Енді тілегіміз бір, Қазақстанның абыройын бір асқақтатып, туын биікке көтерсе, біздің университеттің де мәртебесі көтеріліп қалады.

Жарнама

Живи спортом!