Волкановски UFC ұйымындағы үшінші кездесуде Холлоуэйді жеңіп кетті
Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында жартылай жеңіл салмақта аустралиялық Александр Волкановски (25-1) америкалық Макс Холлоуэй (23-7) арасындағы үшінші кездесу аяқталды. UFC 276 турнирінің басты кездесулерінің бірі болған айқас бес раундқа созылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Жартылай жеңіл салмақтағы бұл жекпе-жекте төрешілер 50:45 есебімен жеңісті Волкановскиге берді. Ол қарсыласын қақырата берді. Бұл кездесуде дәл соққылардың өзі 15:95, аустралиялықтың пайдасына.
Осылайша, Волкановски өзіне тиесілі чемпиондық атақтты төртінші мәрте қорғады. Ал Холлоуэймен аустралиялық үшінші мәрте кездесіп, үшінші рет те жеңді.
Бірінші рет аталған қарсыластар 2019 жылдың желтоқсан айында кездесті. Ол кезде америкалық чемпион еді. Волкановски апсет жасап, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімі бойынша жеңіске жетті. Кейін 2020 жылдың жазында аустарлиялық тағы да төрешілердің шешімі бойынша ұтып кетті.
Содан соң екі файтер де екі кездесу өткізіп, жеңді. Ал үшінші мәрте Волкановски Холлоуэйді таза ұтты.
Бұл Александр үшін карьерасындағы 22 жеңісі. UFC ұйымында оның көрсеткіші 12-0. Холлоуэй болса соңғы жеті кездесуде төртінші рет жеңілді - үш мәрте Волкановскиден және бір рет Дастин Порьеден.
Жарнама