UFC Шавкат Рахмоновтың соңғы қарсыласын ұйымнан қуып жіберді
UFC басшылары бразилиялық файтер Мишел Празереспен (26-4) келісімшартты бұзғанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
UFC басшылары бразилиялық файтер Мишел Празереспен (26-4) келісімшартты бұзғанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
40 жастағы бразилиялық UFC ұйымында он төрт кездесу өткізіп, онында жеңіске жетсе, төртеуінде жеңіліп қалды. Празерис UFC ұйымында 2013 жылдан бері өнер көрсетіп, Майрбек Тайсумов (26-4) және Гилберт Бернс (20-4) секілді спортшыларды жеңген.
Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі қарсыласы допинг қолданып жұдырықтасқан
Еске салайық, Мишел Празерес соңғы кездесуін 2021 жылдың маусымында UFC Fight Night 190 турнирінде өткізіп, қазақстандық Шавкат Рахмоновтан (14-0) жеңілді.
Бұл Рахмонов үшін UFC-дегі екінші кездесуі болды. Отандасымыз екеуін де жеңіспен аяқтады.
Жарнама