UFC
15 тамыз 2022 17:26
 

UFC президенті танымал блогермен жұдырықтасу туралы ұсынысқа жауап берді

  Пікірлер

blog.share

UFC президенті танымал блогермен жұдырықтасу туралы ұсынысқа жауап берді ©Reuters

UFC ұйымының президенті Дана Уайт GQ Sports басылымына берген сұқбатында америкалық видеоблогер Джейк Полмен жекпе-жек өткізуден бас тартты. 

blog.share

UFC ұйымының президенті Дана Уайт GQ Sports басылымына берген сұқбатында америкалық видеоблогер Джейк Полмен жекпе-жек өткізуден бас тартты. 

Уайт пен Пол әлеуметтік желіде үнемі сөзге келіп қала береді. Джейк осыған дейін Дананы бірнеше рет сынға алып, UFC файтерлеріне аз ақша төлейтінін айтты. Дана да қалыс қалмады. Ол да блогерді біраз балағаттады. Бірақ, UFC президентіне бұл мәселені шаршы алаңда шешу туралы ұсыныс айтқанда, ол бірден бас тартты. 

"Жігіттер, менің жасым 53. Дұрыс қой, иә? Сенің де жасың 53-ке толғанда келші. Сол кезде 20 жастағы жігітпен төбелесу туралы ойлап көрші. Бәстесуге дайынмын, сен де бас тартасың", - деді Уайт. 

Айта кетейік, Джейк Пол 2020 жылдан бері бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізіп жүр. Ол өзінің бірінші кездесуінде блогер Али Эсон Полдан айласын асырды. Кейін баскетболшы Нейт Робинсонды жеңді. Содан кейін UFC-дің бұрынғы чемпионы Тайрон Вудлиді екі мәрте, Бен Аскренді бір рет жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!