UFC америкалық файтерді жекпе-жектерден уақытша шеттетті
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық файтер Кёртис Блэйдс UFC ұйымында жекпе-жектен уақытша шеттетілді, деп жазады MMA Fighting порталы.
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық файтер Кёртис Блэйдс UFC ұйымында жекпе-жектен уақытша шеттетілді, деп жазады MMA Fighting порталы.
Кёртис Блэйдс Крис Докоспен өткізген кездесуде тобығынан жарақат алып қалды. Енді ол дәрігерлерден рұқсат алмағанша жаттығу жасап, жекпе-жек өткізе алмайды.
Еске салайық, Кёртис Блэйдс пен Крис Докос арасындағы айқас 26 наурыз күні Колумбуста (АҚШ) UFC on ESPN турнирінде өтті. Бұл кездесудің екінші раундының 17-секундында Блэйд қарсыласын нокаутқа түсірді.
Осылайша, Блэйд аралас жекпе-жекте 16 кездесуінде жеңіске жетті. Ол жалпы үш мәрте жеңілген. Ал Докос болса бесінші мәрте жеңілді. 32 жастағы Крис тоғыз мәрте мерейі үстем болған.
Жарнама