UFC
10 ақпан 15:19

Топтағы соңғы ойында жеңісті жұлып алған Қазақстан хоккейшілері бірінші орынға шықты

©icehockey.kz

Хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Харбиндегі Азия ойындарында топтық кезеңнің соңғы мачтін өткізді, деп жазады Vesti.kz.

Олег Болякин жаттықтыратын команда Оңтүстік Кореяны 2:1 себімен ұтты.

Осы жеңіс арқасында қазақстандық хоккейшілер бес матчте 15 ұпай жинап, А тобында бірінші орынға тұрақтады. Оңтүстік кореялықтар 11 ұпаймен екінші болып тұр. Осы ойынға дейін екі команда плей-офф кезеңіне жолдама алып қойды. Ал бұл матч топтағы жеңіс үшін болды. 

Еске салайық, Қазақстан топтық кезеңде Таиланд (12:0), Қытай (6:1), қытайлық Тайбэй (17:0) және Жапонияны (4:1) ұтқан болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport