Шавкат Рахмоновтың чемпион атануына не кедергі болатыны айтылды
Мmafighting.com порталының шолушысы Александ Ли Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтан (16-0) не күтетінін айтты. Ол әңгіме барысында алдағы уақытта Рахмоновқа не кедергі болатыны туралы әңгімелеп берді.

Еске салайық, Рахмонов соңғы айқасында америкалық Нил Мэгнимен (26-9) кездесіп, жеңіске жетті. Бұл оның UFC-дегі төртінші жеңісі болды.
"Рахмонов керемет талантты әрі әмбебап спортшы. Оның әлсіз тұсы жоқ деп айтуға болады. Осының арқасында ол өз салмағында үздік он спортшыдан кем түспейді. Соңғы кездесуде ол осыны дәлелдеді. Болашағы жарқын. UFC ұйымының болашақ жұлдызы болатын спортшы. Бірақ бұл оңай болмайды. Жартылай орта салмақта мықты спортшылар көп. Енді алдағы екі кездесу Шавкаттың қаншалықты қарымды екенін көреміз, - деді Ли.
Жарнама