UFC
13 ақпан 09:33
 

Өзбекстан 26 жылдан кейін Азиада алтынын жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Өзбекстан 26 жылдан кейін Азиада алтынын жеңіп алды ©aktualno.uz

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында жұппен мәнерлеп сырғанау жарысы аяқталды, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында жұппен мәнерлеп сырғанау жарысы аяқталды, деп жазады Vesti.kz.

Бұл жарысқа жалпы 6 жұп қатысты. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша өзбекстандық дуэт - Екатерина Гейнич пен Дмитрий Чигирев 64,55 балл жинап, бірінші болды. 

Еркін бағдарламада өзбекстандықтар екінші болды (111, 88), бұл сында Солтүстік Корея жұбы алға шығып кетті (112,20).

Дегенмен екі бағдарлама нәтижесінң қосындысы бойынша Гейнич пен Чигирев алтынды жеңіп алды.

Бұл Өзбекстанның 2025 жылғы Азиададағы және мәнерлеп сырғанаудағы алғашқы алтыны. Өзбекстан соңғы рет Азия ойындарының алтынын 1999 жылы алған екен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!