"Нокаутпен аяқталады". Маман Жұмағұловтың UFC-дегі келесі кездесуі туралы
Ұлыбританиялық MMA Sport спорт порталының тілшісі Бен Смит Vesti.kz тілшісімен болған сұқбатында америкалық Джефф Молина (10-2) мен қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың (14-6) UFC-дегі кездесуі туралы ойын айтты. Әңгіме барысында ол кім фоварит екенін және кімнің жеңіске жететінін мәлімдеді.

Бұл кездесу 4 маусымнан 5 маусымға ауысқан күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өтеді.
"Мен Молинаның жеңісіне сенемін. Ол осыған дейін күресте мықты екенін көрсетті. Ал Жұмағұлов тек партерде мықты екенін білеміз. Соққыға келгенде ол нашарлау. Менің ойымша, жекпе-жек соңына дейін болмайды. Жұмағұлов нокаутпен жеңіледі", - деді Смит.
Айта кетейік, 33 жастағы Жұмағұлов UFC ұйымында төрт кездесу өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жеткен. 24 жастағы Молина болса екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңген.
Жарнама