"Мұрнын сындырып алған". UFC-дегі Қазақстан тумасы қатардан шығып қалды
©UFC
UFC ұйымында өнер көрсететін Қазақстан тумасы соңғы айқасынан кейін мұрнына операция жасатты. Бұл туралы MMA Fighting порталы хабарлап отыр.
UFC ұйымында өнер көрсететін Қазақстан тумасы соңғы айқасынан кейін мұрнына операция жасатты. Бұл туралы MMA Fighting порталы хабарлап отыр.
Физиев UFC Вегас 58 турнирінде бразилиялық Рафаэль Дос Аньоспен болған кездесуде мұрнын сындырып алған. Дереккөздің ақпараты бойынша, ол енді қараша не желтоқсан айында ғана жекпе-жек өткізе алады.
Еске салайық, бұл айқаста Физиев бесінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңді. Осы жеңістен кейін ол жеңіл салмақтағы рейтингте тоғызыншы орынға көтерілді.
Жарнама