Мүлде жеңілмеген тағы бір қазақ файтері UFC ұйымында өнер көрсететін болды
Тағы бір қазақстандық файтер Азат Мақсұм UFC ұйымында өнер көрсетеді. Бұл туралы Octagon промоушенінің президенті Нұраддин Садықов айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Тағы бір қазақстандық файтер Азат Мақсұм UFC ұйымында өнер көрсетеді. Бұл туралы Octagon промоушенінің президенті Нұраддин Садықов айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Мұндай мәлімдемені Садықов Octagon 31 турнирінде Мақсұмның бразилиялық Алан Габриэльді (11-6) жеңгеннен кейін жасады.
27 жастағы Мақсұмның қазіргі рекорды - 14-0. Ол 57 келіге дейінгі ең жеңіл (Жалғас Жұмағұлов өнер көрсететін) салмақта жұдырықтасады 1 маусым күні Азат UFC ұйымында біздің спортшылардың менеджері болып жүрген Саят Әбдірахманов жұмыс істейтін Rubyse компаниясымен келісімшарт жасады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта UFC ұйымында ерлер арасындағы Қазақстанның намысын Жалғас Жұмағұлов, Шавкат Рахмонов және Сергей Морозов, ал әйелдер арасында Мария Агапова қорғап жүр.
Жарнама