Маман Жұмағұловтың UFC-де неге жеңілгенін түсіндірді
Ұлыбританиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісімен болған сұқбатында қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-7) пен америкалық Джефф Молина (11-2) арасындағы жекпе-жек туралы айтты. Маман әңгіме барысында отандасымыздың болашағына байланысты да пікір білдірді.

Бұл кездесу Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC Vegas 56 турнирінде болды. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 28-29, 29-28, 27-30 есебімен Молинаға берді.
"Менің ойымша, төрешілер әділ шешім шығарды. Дегенмен 30-27 дегені тым артықтау. Бірақ та Молинада аз да болса басымдық болды. Қазақстандық файтер біраз тырысқан еді. Алайда айқас барысында оның есте қалатын соққысы болмады. Джефф әрбір ұпай алатын сәтті дұрыс пайдаланды. Мұны төрешілер де байқады. Негізі тең кездесу. Молина тек аз басымдық көрсетті.
Жұмағұловтың болашағы туралы айту қиын. Ол төрт мәрте жеңілді. Жанкүйерлердің де назарын өзіне аудара алмады. Жекпе-жектері де іш пыстырады. Ашығын айтқанда ол UFC деңгейінде емес. Оған тағы бір мүмкіндік беретін шығар. Дейтұрғанмен ұзаққа бара алады деп ойламаймын", - деді Смит.
Айта кетейік, Жұмағұлов жалпы UFC ұйымында бес кездесу өткізіп, төрт рет жеңілді және бір рет жеңді.
Жарнама