UFC
9 маусым 2022 21:18

Маман Исмағұловтың қарсыласының ең мықты тұсын айтып берді

©UFC

Ұлыбританиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Ресей намысын қорғайтын қазақ Дамир Исмағұлов пен грузиялық Гурам Кутателадзе арасындағы жекпе-жек туралы пікір білдірді. Сонымен қатар, ол әңгіме барысында кімді мықты санайтынын айтты. 

Бұл кездесу 18 маусым күні Техаста (АҚШ) болады. 

"Исмаұлов бұл кездесуде фоварит секілді. Ол қарсыласына қарағанда тәжірибелі. UFC ұйымында көбірек жекпе-жек өткізген. 

Жалпы Кутателадзе өте мықты файтер емес. Ол Исмағұловпен құрдас болғанына қарамастан қазақ файтерінен екі есе аз кездесу өткізген. 

Бірақ Исмағұловтың дайындығы қалай екені де белгісіз болып тұр. Өйткені ол салмақ тастау кезінде біраз кедергіге тап болып, денсаулығы нашарлады. Мұндай жағдайға Дамир осыған дейін де тап болды. Соның салдарынан соңғы айқасын өткізе алмады. Сол үшін де Исмаұлов үшін бұл жекпе-жек оңай болмайды", - деді Смит. 

Айта кетейік, Исмағұлов осы уақытқа дейін UFC-де төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соңғы рет ол 2021 жылдың 23 наурызында UFC Fight Night 188 турнирінде өнер көрсетіп, төрешілердің шешімімен бразилиялық Рафаэль Алваестен айласын асырды. Содан соң Дамир қазан айында Магомед Мустафаевпен кездесуі керек еді. Алайда ол кезде қазақ спортшысы салмағын түсіре алмай, жекпе-жектен шеттетілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport