Макгрегор аяғын Порьемен өтетін кездесудің алдында жарақаттап алғанын айтты
Ирландиялық спортшы Конор Макгрегор америкалық Дастин Порьеге қарсы кездесудің алдында аяғын жарақаттап алғаны туралы айтты.
Ирландиялық спортшы Конор Макгрегор америкалық Дастин Порьеге қарсы кездесудің алдында аяғын жарақаттап алғаны туралы айтты.
Бұл кездесу 10 шілде күні Лас-Вегаста UFC 264 турнирінде өтті. Айқастың бірінші раундының соңында МакГрегор аяғын морт сындырып алды. Сөйтіп техникалық нокаутпен Порье жеңіске жетті.
"Мен жарақатты жекпе-жекке дейін алдым. Жұрттың бәрі менен қашан сындырдың деп сұрауда. Мұны Дана Уайттан сұраңыздар. UFC-дің бас дәрігері Дэвинсоннан сұраңыздар. Олар бәрін біледі", - деді Конор.
МакГрегордың айтуынша, ол жаттығу кезінде бірнеше рет жарақат алған. Соның салдарынан ол тобығын орап алуға мәжбүр болған. Жаттығу кезінде жарақат спортшыны біраз мазалаған екен.
Бұл сөздеріне дәлел ретінде МакГрегор Twitter парақшасына суреттер де салды. Бұл суреттерде ирландиялықтың аяғын байлап алып жаттығып жатқаны көрініп тұр.
Жарнама