UFC ұйымының танымал файтерлері Хорхе Масвидаль мен Конор МакГрегор әлеуметтік желіде ерегісіп қалды, деп жазады "Чемпионат" порталы.
"Жоқ, Конор жекпе-жек өткізгісі келмейді. Егер ол менімен кездескісі келетін болса, баяғыда жазатын еді. Менің анамды немесе бауырларымды мазақ ететін еді", - деген болатын Масвидаль.
"Анаңды мазақ ету? Қандай жолы болмаған адам едің. Мен сенің анаңмен жақсы қарым-қатынастамын", - деп жауап берді МакГрегор.
"Иә, менің анам сені жақсы көреді. Өйткені, ол сенің маған үлкен ақша алып келетініңді, ал жекпе-жек оңай болатынын біледі", - деп жауап қатты Хорхе.
Еске салайық, Масвидаль UFC ұйымындағы "ең жағымсыз" файтер деген атаққа ие. Ал МакГрегор болса қазіргі уақытта америкалық Флойд Мейвезермен кездесу өткізу туралы келіссөз жүргізуде.